11 жасар қазақстандық әлемдегі ең үздік баяншы атанды

Елорда тұрғыны, 11 жастағы Радмир Хайбуллин Францияда өткен жарыста баяншылар арасындағы ең беделді жүлде "Әлем трофейін" жеңіп алды.

Астаналық жас музыкант баянистердің халықаралық байқауына онлайн қатысты.

Ол ата-анасымен бірге өзі ойнаған пьесалардың жазбасын Францияға жіберген. Ал қазылар алқасы басқа қатысушылардың арасынан 11 жасар Радмир Хайбуллинді таңдады.

"Байқау Францияда өтті. Біз видео түсірдік. Мен онда үш шығарманы орындадым: Иоганн Себастьян Бах – "Фуга де-мажор", Марк Фрадкин – "Махаббат әні", Юрий Гаврилов – "Жылдам пойыз".

"Әлем трофейі" байқауының жеңімпазы Радмир Хайбуллин

Сурет: видеодан скриншот